«Каспий» клубының директоры қызметінен кетті
«Каспий» клубының директоры Асқар Әбілдаев өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазды. Бұл туралы aktausport.kz сайты хабарлады.
Асқар аталмаш қызметке 27-шілдеде кіріскен болатын.
<span>«Каспий» клубына дейін Әбілдаев «Шахтер» клубында атқарушы директор қызметінде болған. </span>
<span>Спорттық мансабында «Шахтер» және «Қайрат» клубтарында доп тепкен. Қазақстан чемпионы, Қазақстан Кубогында топ жарған. Сонымен бірге ел біріншілігінің күмісі мен қоласын еншілеген. </span>
Әлі күнге дейін <span>«Каспий» клубының қайда ойнайтыны белгісіз күйдеқалуда. Себебі «Мұнайшы» алаңына жаңа төсеніш әлі күнге төселген жоқ. Өткен жылдың желтоқсанынан бері клубтың ресми сайты да жұмысын тоқтатқан. </span>
<span>Естеріңізге салсақ, «Каспий» өткен жылы бірінші лигада артынан санағанда екінші орынды еншілеген. Бұл ақтаулық клуб үшін бірінші лигадағы ең төмен көрсеткіш. </span>