«Реал» Неймарды алу үшін ПСЖ-ға Роналдуды бермек

«Реал» Неймарды алу үшін ПСЖ-ға Роналдуды бермек

 

Мадридтік «Реал» Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймарды қатарына қос үшін Криштиану Роналдуды беруге дайын.

«Королдік» клубтың президенті Флорентино Перес Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар мен Криштиану Роналдуды айырбастамақ. Сондай-ақ ПСЖ-ға қосымша үстеме қаржы беруге дайын. 

<span>Айта кетейік, португалдық футболшының өзі командадағы жағдайына көңілі толмайды. </span><span>AS агенттігінің хабарлауынша, «Реалдың» президенті Флорентино Перес көктемде келісімшартының қаржылық жағдайын жақсартатынына уәде берген. Алайда ол сөзінде тұрмаған көрінеді.</span>

<span>Өзінің алданып қалғанын түсінген Роналду ендігі жаңа команда іздестірмек. Бірінші кезекте - англиялық «Манчестер Юнайтед» тұр.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или