Роналду әріптестеріне командадан кететінін айтқан
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду жазда командадан кетпек. Бұл туралы футболшының өзі әріптестеріне айтқан.
AS агенттігінің хабарлауынша, португал футболшысы королдік клубтың басшылығына риза емес. «Реалдың» президенті Флорентино Перес көктемде келісімшартының қаржылық жағдайын жақсартатынына уәде берген. Алайда ол сөзінде тұрмаған көрінеді.
Өзінің алданып қалғанын түсінген Роналду ендігі жаңа команда іздестірмек. Бірінші кезекте - англиялық «Манчестер Юнайтед» тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или