Қолда тұрған ойын еді, әттең...

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында қарағандылық «Шахтер» ПАОК-тан ұтылды. Салоник қаласындағы «Тумба» алаңында өрбіген матч 2:1 есебімен аяқталды.

Алаң қожайындары ойынды еркін бастап «Шахтер» қақпасына төне бастады. Екініші минутта Костин Лазэр сол қапталдан кіріп соққы жасады. Абырой болғанда Александр Мокин ол допты оңай қайтарды.

Арада 5 минут өткенде ПАОК тағы бір оңтайлы мүмкіндігін пайдалана алмады. Лукас айып алаңына кіріп допты Мокиннің қолына теуіп алды.

«Шахтер» болса алғашқы шабуылын 18-і минутта ұйымдастырды - Геворг Казарян оң қанатпен өтіп әуелете пас асырды, допты баспен ұрғын Андрей Финонченкоға сәл ғана дәлдік жетіспеді. Кейін қос команда тағы бірнеше шабуыл ұйымдастырып соққы алмасқанымен үзіліске дейін гол кірмеді.

Екінші таймға қос ұжым алға қойған мақсатпен шыққаны сезілді. 49-ы минутта ПАОК қорғаушысы айып алаңында Каньясқа қарсы ереже бұзып, 11-метрлік белгілернді. Стандартты орындауға колумбиялықтың өзі жақындап есепті ашты.

57-і минутта ПАОК таразы басын теңестіре жаздады. Лазэрдың соққысы қақпа маңдайшасынан қайтты. Он минуттан кейін Хижниченко тамаша сәтін ысырап қылып алды. Соның әсерінен кездесудің 75-і минутында қарағандылықтар өз қақпасына гол жіберіп алды. Бұрыштамадан көтерілген допты Мокиннің алдына тұрған Стефанос Атанасиадис емін-еркін ұрып еспті теңестірді

Ойынның аяқталуына бес минут қалғанда «Шахтер» қатары бір ойыншыға кеміді. Андрей Порываев екінші сары қағаз алып алаңнан қуылды.Ойыншылар саны бойынша басымдыққа ие болған ПАОК Вукичтің арқасында жеңісті жұлып әкетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или