Франция чемпионаты гол соғылғанын автоматты анықтау жүйесінен бас тартты

Франция чемпионаты гол соғылғанын автоматты анықтау жүйесінен бас тартты

<span>Франция чемпионаты гол соғылғанын автоматты анықтау жүйесінен(Goal-line technology) бас тартты. Бұл технологияны франциялықтар осы маусымда ғана ензіген еді.</span>

<span>Даулы мәселелер көбейіп кеткендіктен одан бас тартуларына тура келіпті. Мәселен ПСЖ мен «Амьен» арасындағы кездесуде гол соғылған жағдайда бұл құрылғы еш белгі бермеген. Ал «Анже» - «Монпелье» кездесуінде керісінше гол соғылмаса да қайта-қайта белгі беріп, төрешіге кедергі жасаған.</span>

<span>Осы себептерден Франция футбол федерациясы бұдан кейінгі ойындарда бұл жүйені пайдалануды тоқтата тұратынын мәлімдеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или