«Боруссияның» ойыншылары түрік тағамынан уланып қалған

«Боруссияның» ойыншылары түрік тағамынан уланып қалған

Дортмундтық «Боруссия» ойыншылары келеңсіз жағдайға тап болды. Испанияда өткізіп жатқан ОЖЖ аясында неміс командасының ойыншылары тауықтан жасалған кебаб жейміз деп уланып қалған.

Зардап шеккен ойыншылар қатарында Роман Бюрки, Роман Вайденфеллер, Марк Бартра, Андре Шюррле, Кристиан Палисик, Эмер Топрак, Якоб Ларсен, Нури Шахин және Доминик Рейман бар, деп хабарлайды Bild.

Уланған ойыншылардың қазір жағдайы жақсы көрінеді. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында барлық ойыншылар Германия Бундеслигасы аясындағы 14-қаңтарда өтетін «Вольфсбург» командасына қарсы ойынға қатыса алады деп күтілуде.

«Боруссия» Германия Бундеслигасының бірінші айналымын үшінші орында аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или