Хамитжанов: Әзірше Твумаси «Астана» ойыншысы
Соңғы кезде түркиялық және қазақстандық басылымдар «Астана» клубының шабуылшысы Патрик Твумасидің «Бурсаспорға» ауысатынын жаппай талқылауда. Осыған орай елордалық клубтың президенті Саян Хамитжанов өз пікірін білдірді.
«Қазіргі таңда Твумаси «Астана» ойыншысы, оның келісімшарты әлі күшін жойған жоқ. Әрине, желідегі ақпаратты үнемі қадағалап отырамыз. Алайда ол шындыққа жанаспайды. Дәлірек айтсақ, бізде нақты екі ұсыныс болған. Бірақ олар бізді қанағаттандыратын қаражат ұсынбады. Твумасиді минималды сомаға жіберудің мәні жоқ. Одан да Партикті командада қалдырып, Еуропа лигасының 1/16 финалында абыроймен өнер көрсеткеніміз дұрыс. Сонымен қатар, 2018/19 жылғы Чемпиондар лигасында барлық Қазақстандағы жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді», - деді Хамитжанов.
Дереккөз: soccer24.kz vk