Бауыржан Тұрысбек «Тобылмен» бірге жаттығып жүр
Алматылық «Қайрат» клубының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек қостанайлық «Тобылдың» сапында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
«Тобыл» 22 қаңтарға дейін Түркияда дайындық жұмыстарын пысықтайды. Бұл жиынға «Қайраттың» шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек келген. Қостанайлық клубтың ресми сайты жариялаған видеода Бауыржан Тұрысбектің дайындалып жүргенін көруге болады.
Айта кетейік, 26 жастағы футболшы «Қайратқа» 2016 жылдың маусым айында келген болатын. Алматылық клубпен 3,5 жылға келісімшартқа отырған еді. Биылғы маусымда 21 ойын өткізіп, бес гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или