«Астана» келесі еуромаусымды қашан бастайтыны белгілі болды

«Астана» келесі еуромаусымды қашан бастайтыны белгілі болды

Қазақстан чемпионы «Астана» келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын қашан өткізетіні белгілі болды.

УЕФА-ның еурокубок сайыстарында өзгерістер болды. Енді «Астана» еуросапарын екінші емес, бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Бұл кезеңнің жеребесі 19 маусымда тартылады. Ал матчтар 10/11 және 17/18 шілдеде өтеді.

Айта кетейік, «Астана» үшін биылғы еуромаусым әлі аяқталған жоқ. Ел чемпионы Еуропа лигасының 1/16 финалда португалиялық «Спортингпен» кездеседі. Алғашқы матч Астанада 15 ақпанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или