Арда Туран «Истанбулға» ауысты

Арда Туран «Истанбулға» ауысты

«Истанбул» бас бапкері Абдулла Авджидің айтуынша, клуб «Барселонадан» Арда Туранды сатып алды.

«Трансфер туралы ертең не жұма күні хабарланады. Бұл оңай трансфер болған жоқ. Арда ұзақ жылдар бойы біздің мақсатымыз болды. Осы келісім үшін президентімізге рақмет айтамын», - деді Авджи.

Айта кетейік, Арда Туран Түркияда «Галатасарай» клубының намысын қорғаған болатын. Кейін Испанияға ауысып, мадридтік «Атлетико» мен «Барселонада» өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или