Молдовада доп тебетін қазақстандық футболшы «Ертіске» келді
Молдовалық «Зимбру» командасында доп тебетін қазақстандық қорғаушы Мидат Галбаев <span>«Ертіс» клубының сынағынан өтіп көрмекші. </span>
<span>20 жастағы футболшы Алматы футболының түлегі болғанымен 2015 жылдан бері шетелде жүр. Болгарияда тұрып, сол елдің «Левски», «Берое» клубтарының жастар командаларында доп тепті. Былтыр шілдеде молдовалық «Зимбрумен» келісімшартқа қол қойды, бірақ клубтың негізгі құрамынан орын ала алмады.</span>
<span>Жас қорғаушы енді елге оралып, повлодарлық команда сапында бағын сынап көрмекші.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или