«Реал Мадрид» гол соғудан «Сампдория», «Марсель» қатарлы командалардан қалып келеді

«Реал Мадрид» гол соғудан «Сампдория», «Марсель» қатарлы командалардан қалып келеді

«Реал Мадрид» командасы осы маусымда өте нашар өнер көрсетуде. Испания Ла лигасында 32 ұпаймен төртінші орында келе жатыр. Көшбасындағы «Барселонадан» 16 ұпай қалып кетті.

Сонымен қатар, мадридтіктер голды да сараң соғып жүр. Ла лигада бар болғаны 32 гол ғана соқты. Бұл көрсеткіш бес ірі чемпионатта әрең 23-інші орында тұр. Клубтар арасында Еуропа чемпионы гол соғудан алдыға 22 команданы жіберіп алып отыр.

Королдық клуб гол соғудан «Лацио»(48), «Лестер Сити»(34), «Сампдория»(36), «Удинезе»(33), «Марсель»(38), «Лион»(46) қатарлы ортанқол командалардан қалып келеді.

Ал бес ірі чемпионатта ең көп гол соққан «Манчестер Сити»(64) командасы. ПСЖ(58), «Ливерпуль»(50), «Ювентус»(49) клубтары ең коп салған командалар саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или