«Астана» «Вардардың» шабуылшысын алуы ықтимал

«Астана» «Вардардың» шабуылшысын алуы ықтимал

Македониялық «Вардардың» армениялық шабуылшысы Тигран Барсегян «Астанаға» ауысуы мүмкін.

Prosports.kz-ке белгілі болғандай, елордалық команда Армения ұлттық құрамасының 24 жастағы шабуылшысын өз сапында көргісі келеді.

Естеріңізге сала кетсек, Барсегян 2016 жылдан бері «Вардарда» ойнайды. Осы уақыт ішінде Тигран 33 матч өткізіп, 12 гол соқты. Ал Армения құрамасы сапында 11 ойынға шығып, бір рет қана қанжығасын майлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или