Арсен Венгер «Арсеналдан» кететін болды

Арсен Венгер «Арсеналдан» кететін болды

Лондондық «Арсеналдың» бас бапкері Арсен Венгер осы маусым аяқталған соң клубтан кететін болды. Бұл туралы Daily Mirror хабарлайды.

Ағылшын кубогының 1/32 финалында «Арсенал» «Ноттингем Форесттен» ұшып кеткеннен кейін франциялық маманның ойыншылардан көңілі қалған.

Енді 68 жастағы маман 2018 жылдың жазында өз қызметінен кетпек. Венгердің орнына осы қызметке Микель Артета келуі мүмкін. Ол қазір «Манчестер Ситидің» бапкерлік штабында жүр. 

Айта кетейік, биылғы маусымда «Арсенал» ағылшын Премьер-лигасында 39 ұпай жинап, алтыншы орында келеді. Команда былтыр бесінші орын алып, Чемпиондар лигасынан тыс қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или