«Астана-2005» Сатпаевтағы турнирде жеңіске жетті
Сатпаевта 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында Республикалық турнир өз мәресіне жетті.
«Астана» бұл турнирге бір жасқа кіші құраммен қатысқан болатын. Кирилл Малиев шәкірттері топтық кезеңде өткізген 4 ойында 10 ұпай жинап, бірінші орынмен жарыстың финалына жолдама алған болатын.
Осылайша, астаналық жасөспірімдер турнирдің финалында Сатпаев қаласының 2003 жылы туған жасөспірімдерінен құралған командасына қарсы ойнады. Матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяталды. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында елордалық ойыншылар 4:1 есебімен жеңіске жетті. «Астана-2005» сапынан 11 метрлік айып добын Артур Щенников, Ерлан Нұрғалиев, Тимур Төкенов және Рахим Амангелдинов сәтті орындады. Ал елордалық команда қақпашысы Арон Кац қақпасына бағытталған екі соққыны қайтарды.
Қорытынды нәтижеде елордалық команда бірінші орынға қол жеткізіп, Артур Щенников турнирдің үздік ойыншысы атанды.