Коутиньо Хавьер Маскераноның нөмірін «тартып алды»
«Барселонаның» жаңа ойыншысы Филиппе Коутиньо командада 14-ші нөмірмен өнер көрсетеді, деп хабарлайды sky sports.
Дүйсенбі күні каталондық клуб Коутиньоны таныстырған. Алайда, оның қандай нөмір таңдағаны жарияланбаған.
Қазіргі таңда «Барселонада»14-ші нөмірде Хавьер Маскерано өнер көрсетуде. Дереккөздің айтуынша, аргентиналық қаңтар айында Қытайға ауысады.
Айта кетейік, бұрын «Барселонада»14-ші нөмірде аты аңызға айналған Йохан Круифф ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или