«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубтан легионерлерді қуды

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубтан легионерлерді қуды

Қазандық «Рубин» клубының бас бапкері Құрбан Бердыев командадан бірқатар легионерлерді қуды.

«Біз ОЖЖ бәрімен жақсы жұмыс атқардық. Легионерден Сесар Навас, Мийо Цакташ, Гекдениз Карадениз және Сердар Азмун қалады. Қалған ойыншылардың барлығын жаңа команда тапсын дедік. Олар менің мұндай әрекетіме түсіністікпен қарайды деп үміттенемін.», — деді Бердыев.

Ресей чемпионатының 20 турынан кейін турнир кестесінде қазандық клуб 23 ұпаймен 11-ші орныда келеді. Команда сапында  Мориц Бауэр, Максим Лестьен, Рагнар Сигурдссон, Янн М'Вила және Рубен Рочина сынды легионерлер бар.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или