Transfermarkt.de басылымы Сейдахметтің трансферін растады
Танымал германиялық Transfermarkt.de сайты «Тараз» клубының жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметтің ресейлік «Уфа» клубына ауысатынын растады.
Айта кетейік, ресейлік клуб футболшының трансфері жайлы әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Transfermarkt.de 17 жастағы жерлесіміздің трансферін 300 мың еуроға бағалауда.
Естеріңізге салайық, Еркебұланның жақын арада уфалық клубпен келісімге келетіні жайлы «Матч ТВ» комментатры Нобель Арустамян өзінің Твиттер парақшасында жазған болатын.
Еркебұлан Сейдахмет «Тараз» сапында 15 ойын өткізіп 1 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түскен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или