Бородюк ұлттық құраманың жеңілісіне кінәлі екендігін айтты

Бородюк ұлттық құраманың жеңілісіне кінәлі екендігін айтты

Бүгін ҚФФ президенті қатысуымен жаттықтырушылар кеңесінің жиыны өтті. 

<span>Жиында сөз алған Ұлттық құраманың бас бапкері Александр Бородюк бас команданың сүреңсіз ойынынан кінәлі екендігін мойындады. </span>

<span>Естеріңізде болса Бородюк өткен жылдың ақпан айында Қазақстан футбол федерациясымен үш жылға келісімшартқа отырған. Бородюк баптаған құрамамыз былтыр жеті кездесу өткізіп бірде-бірінде жеңіске жете алмады. Жеті ойынның алтауында жеңілістің кермек дәмін татса, біреуінде тең түскен. Гол айырмашылығы – 4:18.</span>

<span>Бородюктің құрамадағы тағдыры алдағы уақытта шешілетін болды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или