Стоилов Болгарияның үздік жаттықтырушысы атанды

Стоилов Болгарияның үздік жаттықтырушысы атанды

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стоилов 2017 жылдың қорытындысы бойынша Болгарияның үздік бапкері атанды. Алайда ол марапаттау салтанатына қатыса алмағаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол жақын күндері белгілі болатын келіссөздерге байланысты салтанатты рәсімге қатыспады. Оның орнына көмекшісі Цанко Цветанов марапатты қабылдап алды.

«Бұл шараға қатыса алмайтыным үшін кешірім өтінемін. Барлық жүлдегер мен бапкерді құттықтаймын. Жаңа жылда Болгария футболы дұрыс бағытпен дами берсе деп тілеймін», - деді Станимир Стоилов видеожолдауында.

«Астана» ФК бас жаттықтырушысы дауыс саны бойынша «Ботев» тәлімгері Николай Киров пен қазақстандық клубтың біріне келуі мүмкін ЦСКА жаттықтырушысы Стамен Белчевтен озып, Болгарияның үздік бапкері атағына ие болды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или