Астанада Бородюктың тағдыры шешіледі

Астанада Бородюктың тағдыры шешіледі

Бүгін Қазақстан футбол Федерациясының бапкерлер кеңесі өтеді.

Жиналыс барысында Ұлттық құраманың бас бапкері Александр Бородюктың тағдыры шешіледі. Ресейлік маманның қол астында Қазақстан құрамасы тарихындағы ең нашар нәтиже көрсетті. Бородюктың қол астында Қазақстан құрамасы жеті ойын өткізген. Оның алтауында жеңіліс тапса, біреуінде тең түскен.

Ал FIFA-ның жылдық рейтингісінде Қазақстан құрамасы 97 орыннан 137-ші сатыға төмендеді.

Айта кетейік, ҚФФ бас хатшысы Қаныш Әубәкіров қызметінен кеткеннен соң Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Александр Бородюк орнын босатады деген сыбыс шыққан. Себебі ресейлік маманды Қазақстанға Қаныш Әубәкіров шақырған еді. 55-жастағы ресейлік маман футболдан Қазақстан құрамасының тізгінін осы жылдың 27 ақпан айынан бері ұстап келеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или