Шығысқазақстандық екі футболшы «Ақжайыққа» ауысады
Екі шығыс қазақстандық футболшы Батыс Қазақстанның командасына ауысуға ниетті. Қорғаушы Әлібек Сәкенов пен Жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалиев «Ақжайықтың» оқу-жаттығу жиынына қатысады.
Әлібек Сәкенов батыс өңірге өткен маусымда барып үлгерген. Маусымды «Алтай» сапында бастағанымен шілдеде «Атырау» жейдесін киген болатын.
Ал Еркебұлан көкшетаулық «Оқжетпесте» жарым жыл ойнап, жазда болгариялық «Вереяға» ауысқан. Енді биыл екеуі де «Ақжайық» сапында өнер көрсетуге дайын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или