Гарет Бэйлді қытайлық клуб сатып алмақшы
Испания ақпарат құралдары «Реал Мадрид» шабуылшысы Гарет Бэйлді қытайлық клуб сатып алғысы келетінін жазуда.
Уэльс футболшысының Мадридтегі күндері тым сәтті өтіп жатқан жоқ. Жиі алатын жарақаттары мен тұрақсыз өнері Королдық клуб жанкүйерлерінің көңілін қалдырып болған.
Оны сатып алу үшін қытайлық «Гуанчжоу Эвергранд» командасы 85 миллион фунт(€ 95 млн) төлеуге дайын екен. 28 жастағы футболшы үшін бұл аз ақша емес, егер мадридтік клуб қабыл алатын болса келесі жазда Бэйл Қытай асып кетуі мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или