«Ордабасыны» үлкен өзгерістер күтіп тұрған секілді

«Ордабасыны» үлкен өзгерістер күтіп тұрған секілді

«Ордабасы» командасын алдағы маусымда үлкен өзгеріс күтіп тұрған болуы мүмкін, деп жазады kazfootball.kz сайты.

Бәріміз білетіндей, жақында шымкенттік команданың басшылары ауысқан болатын. Бұрынғы басшылар футболшыларға көп мөлшерде қарыз болып қалғаны да белгілі болған. Енді жаңа келген басшылар команда ойыншыларымен бастан келісім жасағысы келетін секілді. Олар әр футболшының келісімшартында көрсетілген жалақы мәселесін қайталай белгілегісі келеді. Ал бұған көнбегендерге командадан кетуге рұқсат беруге дайын екен. Осы себепті команда құрамында аз болмаған өзгерістер орын алуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или