Твумасиге тағы бір Түрік командасы қызығуда

Твумасиге тағы бір Түрік командасы қызығуда

«Астананың» ганалық шабуылшысы Патрик Твумасидің трансфер мәселесі бір шешімін таппай тұр. Осы күнге дейін оған қызығушылық танытқан командалардың ұзын саны онға таяды.

Бірақ, Патрикке ең жақын жүргені Түркияның «Бурсаспор» командасы болатын. Олар тіпті Твумаси үшін 1,5 миллион еуро шығындалуға да дайын екендерін айтқан. Алайда, бұл сома қазақстандық клубтің көңілінен шықпай жүрген.

Енді қатарға тағы бір түркиялық команда қосылды. Түркия Суперлигасының командасы «Гезтепе» де Твумасиді сатып алғысы келеді. «Гезтепе» суперлигаға биыл ғана келгенімен 17 турдан кейін 30 ұпай жинап алтыншы орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или