«Ордабасы» Чехия чемпионатының командасымен кездеседі
«Ордабасы» командасы Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиыны кезінде Чехияның «Словацко» клубымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды чехиялық клубтің ресми сайты.
«Словацко» Чехия чемпионатының 14-ыншы сатысында келеді. Клуб сайтының жазуынша қазақстандық командамен 13 қаңтар кездесетін көрінеді. Ал оған дейін Түркияның «Кайсериспормен» жолдастық кездесу жоспарланған екен.
Естеріңізде болса, <span>«Ордабасының» алғашқы жаттығу жиыны 10 қаңтарда Түркияда басталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или