Кувейт стадионындағы қоршау жанкүйерлермен бірге опырылды
Парсы шығанағы ұлттарының Кубогында футболдан Оман мен БАӘ құрамаларының арасында өткен финалдық матчтан кейін стадиондағы қоршау опырылып, 11 адам зардап шекті.
Oманның жанкүйерлері жеңісті тойлап, трибуналардың біріне топталып қалған, соның салдарынан қоршау опырылып түсті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Спорт порталының хабарлауынша, Оман пенальти сериясында 5:4 есебімен жеңіске жеткен (негізгі уақытта 0:0) және Парсы шығанағы ұлттарының Кубогына екінші мәрте қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или