Диего Коста ауру қалса да әдет қалмайтынын тағы дәлелдеді
«Атлетико Мадрид» командасы өз алаңында «Хетафені» 2:0 есебімен жеңді. Мадридтіктердің үш жылдан кейін қайта оралып отырған шабуылшысы Диего Коста Ла лигадағы алғашқы ойынын өткізді.
Бұл кездесу Коста үшін жай бір кездесу емес. «Челсида» тәп-тәуір ойнаса да бапкерге ұнамай командаға керексіз болып қалды. «Атлетикоға» жазда оралғанымен FIFA-ның шешіміне орай мадридтік команда сапында жаңа жылдан кейін ғана ойнауға рұқсат алды.
Ойынның 68 минутында гол соққан соң қатты қуанған Диего жанкүйерлердің құшағына құлаған. Оның бұл әрекеті бас төрешіге ұнамай қалды, сөйтіп кездесу барысындағы екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылып кетті.
Қашаннан да қызба мінезді Коста осылайша сүйікті командасындағы сапарын ала-құла сезіммен бастады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или