Месси «Барселонадан» кетіп қалуы да мүмкін
Аргентиналық атақты футболшы Лионель Месси өткен жылдың соңында ғана «Барселона» командасымен жаңа келісімшартқа қол қойған болатын.
Сол жаңа келісімде өзгеше бір тармақ қамтылған екен. Егер католониялық клуб Ла лигадан шегініп шығатын болса, Мессидің командада жалғасты қалмауына болады.
Бұндай шарттың қойылу себебі, Каталония аймағының Испаниядан бөлініп шыққысы келіп жүргендігінен болып отыр. Егер бұл өңір шынымен Испаниядан тәуелсіздігін алса, онда «Барселона» командасы да Ла лигаға қатыса алмауы мүмкін.
Осы қауыпты ескере отырып Месси келісімшартқа өзгеше тармақты енгізіп отыр. Сол үшін «Барселона» сөзсіз Еуропадағы бес ірі чемпионаттан қол үзбеуі керек. Олай болмағанда әлемнің үздік ойыншысын қатарларында алып қала алмайтын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или