Бауыржан Тұрысбек «Қайраттан» кеткенін растаған жоқ
«Қайрат» Алматыда оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақырту алған футболшылардың ішінде Бауыржан Тұрысбектің есімі жоқ болып шықты.
Prosports тілшісі футболшының өзіне хабарласып, мәселенін мән-жайын анықтап көрмек болды
- Сіздің есіміңізді «Қайраттың» алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақырту алған футболшылардың тізімінен көрмедік. Командадан кетеді деген сыбыстар шықты. Бұл қаншалықты рас?
<span>- Мұның бәрі жәй ғана сыбыстар. Шындыққа жанаспайды. </span>
- 3,5 жылдық келісімшартыңыз бар…
<span>- Иә, келісімшартым бар. Басқа жаңалықтар болып жатса, алдағы уақытта хабарлайды. Бүгін ғана Алматыға келдім. </span>
- Сізді қостанайлық «Тобылға» ауысады деген ақпарат шықты.
<span>- Жоқ, бұл жалған ақпарат, - деп жауап қатты Бауыржан Тұрысбек.</span>
<span>Айта кетейік, 26 жастағы футболшы «Қайратқа» 2016 жылдың маусым айында келген болатын. Алматылық клубпен 3,5 жылға келісімшартқа отырған еді. Биылғы маусымда 21 ойын өткізіп, бес гол соққан.</span>