«Ақжайық» командасының бұрынғы директоры «Ақтөбеде» жұмыс жасауы мүмкін

«Ақжайық» командасының бұрынғы директоры «Ақтөбеде» жұмыс жасауы мүмкін

Оралдық «Ақжайық» командасының бұрынғы директоры Азат Қазиханов «Ақтөбе» футбол клубына жаңадан бас директор болып келген Самат Смақовтың баспасөз жиынына қатысты, деп хабарлайды kazfootball.kz сайты.

Оралдық клубтің бұрынығы басшысы не үшін Ақтөбе қаласында жүргені қазірге белгісіз. Бірақ, ол жаңадан сайланып жатқан бас директор Саматтың жанынан жаңа жұмыс тауып жатса таңғалудың қажеті жоқ шығар. Өйткені кез-келген басшыға бұрын жауапты қызмет атқарған тәжірибелі маман керек екені сөзсіз.

Естеріңізде болса, Азат «Ақжайық» командасының директоры қызметін 2016 жылдың шілдесінен, 2017 жылдың маусымына дейін атқарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или