Әлем футболы

ПСЖ Роналду үшін 300 млн еуро төлеуге дайын

ПСЖ Роналду үшін 300 млн еуро төлеуге дайын
news-banner7
mobile-news-top

«Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду ПСЖ ойыншысы атануы мүмкін.

Париждік клуб Роналдуға қыруар қаржы ұсынбақшы. Дәлірек айтқанда ойыншығы жылына 60 млн еуро төлеуге дайын. Оның үстіне «Алтын доп» иегерімен бес жылға келісімге отырмақшы.

Алайда бұл трансфер орын алуы үшін ПСЖ бірнеше ойыншысын сатуға тура келеді. Олай болмаған жағдайда париждік команда қаржылық фэйр-плей қағидасына қарсы келген болып шығады.

Сондықтан алдағы жазда ПСЖ қатарынан Лукас Моура, Анхел Ди Мария, Хавьер Пасторе, Юлиан Дракслер, Хатем Бен-Арфа және Тиаго Силва сынды ойыншылар кетуі мүмкін

Ертеректе Роналдуға үш команда қызығып отырғандығы хабарланған.

Естеріңізге салсақ, ПСЖ өткен жазда Неймарда 222 млн еуроға сатып алып, футбол тарихындағы ең үлкен трансферді жүзеге асырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер