«Арсеналға» алдағы ойында алты ойыншысы көмектесе алмайды

«Арсеналға» алдағы ойында алты ойыншысы көмектесе алмайды

«Арсенал» клубының бас бапкері Арсен Венгер Англия Кубогының үшінші кезеңіндегі «Ноттингем Форестпен» болатын ойын  алдындағы командасындағы қиындықтар жайлы айтты. 

«Колашинац, Косьельни, Монреаль, Жиру және Рэмзи әлі де жарақатынан емделуде. Олардың қатарына соңғы ойыннан соң Джака қосылды. Өзге ойыншылар командаға көмектесе алады. Қазіргі уақытта 2-3 күн сайын ойнап жүрген соң команда құрамына біраз өзгеріс жасауға тура келіп тұр», - деді Венгер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или