Арда Туранның агенті ойыншыны «Миланға» ұсынды

Арда Туранның агенті ойыншыны «Миланға» ұсынды

«Барселона» ойыншысы Арда Туранның агенті Ахмет Булут «Милан» клубына байланысқа шығып, өз клиентінің қызметін ұсынды, деп хабарлайды Il Giornale.

Дереккөздің хабарлауынша миландық клубтың Туранды алғысы жоқ.

Бұған дейін «Галатасарай» клубының түлегі Арда Туран спорттық мансабын тағы бір стамбулдық клуб «Бешкиташта» жалғастыруы мүмкін екендігі хабарланған.

Биылғы маусымда Арда каталондық клуб үшін бірде-бір ойын өткізген жоқ. Жалпы алғанда «Барселона» қатарына ауысқаннан бері 55 рет алаңға шығып он бес голдың авторы атанған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или