Самат Смақов «Ақтөбенің» директоры қызметіне тағайындалды
Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай Самат Смақов футболшы мансабын аяқтап, «Ақтөбе» клубының бас директоры қызметіне тағайындалды.
Ардагер футболшы бұл қызметте Мақсат Түймалиевты ауыстырды. Сондай-ақ Ұлықбек Асанбаев спорттық директор атанды.
Айта кетейік, Самат Смақов футболшы мансабын осыдан 20 жыл бұрын семейлік «Елімай» командасының сапында бастаған. Мансабында 7 команданың сапында ойнаған. Оның ішінде Ресей мен Түркия біріншіліктерінде доп тепкен. Соңғы командасы шымкенттік «Ордабасы» болды. Қазақстан құрамасы сапында 76 ойын өткізіп, Ұлттық құрамада ең көп матч өткізген футболшы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или