Ойонго MLS-тен Франция біріншілігіне ауысты
Франция бірінші лигасында бақ сынайтын «Монпелье» командасы қатарларын жаңа футболшымен толықтырды.
26 жастағы Камерун ұлттық құрамасының қорғаушысы Амбруаз Ойонго франциялық клубпен 4 жылдық келісімшартқа қол қойды.
Ойонго төрт жылдан бері MLS-де доп теуіп келген. Соңғы командасы канадалық «Монреаль Импакт» клубы. Ол енді жаңа командасында 8 номермен өнер көрсететін болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или