Зидан қыста жаңа шабуылшы сатып алуға қарсы
Соңғы кездері «Реал Мадрид» командасының ойын өрнегі жанкүйерлерге мүлде ұнар емес. Мадриттік шабуылшылар гол соғуды ұмытқалы аз уақыт болған жоқ. Соның себебінен команда басты қарсыласы «Барселонадан» 14 ұпайға қалып кетті.
Осы сүреңсіз нәтижеге қарап жанкүйерлер де, клуб басшылары да қыста мықты шабуылшы сатып алуды жөн деп тапқандай еді. Алайда команданың бас бапкері Зинедин Зидан мырза бұл пікірмен келіспей отыр. Ол өз шәкірттерінің күшіне сеніп отырған секілді.
Кеше Француз бапкері клуб президенті Флорентино Перес пен клуб директоры Хосе Анхель Санчес екеуімен кездесіп өз ойын ортаға салған көрінеді. Зидан өз сөзінде, командаға қазірше шабуылшының қажеті аз екенін айтып сендірген. Бірақ, «Атлетик Бильбаодың» қақпашысы Кепа Аррисабалаганы сатып алып берем десе қарсы емес екенін де жеткізген.