«Қайрат» қаңтарда қос бірдей жолдастық кездесу өткізеді
Ертең «Қайрат» командасының Алматыда өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиыны басталады, деп хабарлайды клубтің ресми сайты.
Бұл кезекті жаттығу жиыны 18 қаңтарға дейін жалғасатын болады. Осы аралықта Карлос Алос Феррер шәкірттері екі бірдей жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр екен. Қарсыластың нақты кім болатыны әзірге белгісіз.
Оңтүстік астанадағы жаттығу жұмыстары аяқталған соң, қаңтар айының соңына қарай алматылықтар Түркия жеріне аттанады. Екінші оқу-жаттығу қызметі жылдағыдай жерорта теңізі жағалауында жалғасатын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или