Еркебұлан елге оралды

Еркебұлан елге оралды

Болгария асқан тұңғыш қазақ футболшысы Еркебұлан Нұрғалиев келесі маусымды өз елімізде бастайтын секілді. Болгарияның жоғарғы дивизионында ойнайтын «Верея» клубында жалға ойнаған уақыты толған соң келісімді әрі қарай ұзартқан жоқ.

Еркебұлан негізі болгариялық командада нашар өнер көрсеткен жоқ. Әсіресе, алғаш барған кезінде әр ойын сайын негізгі құрамда шығып жүрді. Көбіне ойынды бірінші минуттан бастап, екінші таймның бел ортасында басқа командаластарына орынын босататын еді. Сөйтіп жүргенде бір гол соқты да. Болгария кубогі аясында «Локомотив» (София) командасының қақпасын айып добынан дәл көздеді.

Десе де, қазақ футболшысы Болгар еліне өте сіңісіп кете алмаса керек, маусым соңына қарай көбіне қосалқы құрамда отырып қалды. Сөйтіп өз өнерін толығымен пәш ете алмады. Енді елге қайта оралып отыр. Ол енді оралдық «Ақжайық» сапында оқу-жаттығу жиынына аттанады деген ақпараттар тарауда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или