Арсен Венгер жазаға ұшырауы мүмкін
«Арсенал» футбол клубының бас бапкері Арсен Венгер Англия футбол федерациясы тарапынан жазаға тартылуы мүмкін. Бұған оның «Вест Хэм Юнайтедке» қарсы ойыннан кейінгі әрекеті себеп болып отыр.
Естеріңізде болса, АПЛ-дің 20-туры аясында «Вест Хэмге» қонаққа барған лондондықтардың қақпасына соңғы минутта пенелти белгіленген еді. Сөйтіп, ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Осыған ашуланған Венгер төрешілердің киім ауыстыратын бөлмесіне басып кіріп, бас төреші Майк Динге ауыр сөздер айтқан көрінеді.
Егер футбол федерациясы Француз маманын кінәлі деп тапса бірқанша ойынға қатыстырмай тастауы мүмкін. Бұнымен бірге ақшалай айыппұл да салынатын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или