Болгариялық бапкер «қазақстандық элиталы клубтың» тізгінін ұстауы мүмкін
Софиялық ЦСКА-ның бас бапкері Стамен Белчев мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Topsport.bg хабарлады.
Болгариялық БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, Белчев «қазақстандық элиталы клубтың» тізгінін ұстамақ. Келіссөздер жақын арада басталады. Белчевтің Қазақстанға ауысуына Станимир Стойловтың өзі көмектеспек.
Стамен Белчев «Любимец», «Хасково», «Литекс» (дубль) және ЦСКА (дубль мен бірінші команда) секілді болгариялық клубтарды жаттықтырған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или