Жанкүйерлерден таяқ жеген футболшы 8 айын емделумен өткізеді
«Флуминенсенің» жартылай қорғаушысы Маркиньос Калазанс «Фламенго» жанкүйерлерімен төбелесіп, жарақат алып қалды.
«Фламенго» Оңтүстік Америка Кубогында «Индепендентеден» ұшып кеткен соң, қапаланған жанкүйерлер үйлеріне қайтып бара жатып Маркиньос пен оның достарын көріп қалған. Нәтижесінде, олардың арасында жанжан туып, ол төбелеске ұласқан.
Жазда ғана тізесіне ота жасатқан 21 жастағы Калазанс тағы да жарақат алып қалды. Енді оған қаңтарда ота жасалады. Ал алаңға шығуы үшін 8 айын емделумен өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или