«Астана» Твумасидің трансферлік бағасын көтермек
Елордалық «Астананың» басшығы шабуылшы Патрик Твумасидің трансферлік бағасын бірден 3 миллион еуроға көтермек.
Бұл туралы Bursa.com сайты хабарлады. Бұған дейін түркиялық «Бурсаспор» ганалық футболшы үшін 1 миллион 250 мың еуро төлеуге әзір екенін мәлімдеген болатын.
Алайда елордалық клубтың басшылығы бұл сомасы азсынып отыр. Ендігі «Астана» ганалық шабуылшы Патрик Твумаси үшін кем дегенде 3 миллион еуро сұрамақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или