Роналду фильмге түсу туралы ойлап жүр

Роналду фильмге түсу туралы ойлап жүр

Мадридтің «Реал» футбол командасының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдағы мансабынан кейін кәсіпкерлікпен айналысып, фильм түсіргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sky Italia телеарнасы.

Танымал футболшының сөзінше, ол спорттағы мансабын тәмамдағаннан кейін кәсіпкерлікпен айналысып, фильм түсіргісі келеді екен.

«Мен фильм түсіргім келеді. Өзімнің мейманханаларым, жаттығу залдарым мен киім топтамаларым бар. Болашақта өзімді кәсіпкер ретінде көремін. Қазіргі уақытта бар ойым футболда. Бірақ ертелі-кеш спорттан кетуім керектігін түсінемін. Футболдағы мансабымды тәмамдағаннан кейінгі өмірім тамаша болады. Мен оған сенімдімін. Мұндай тек ақша туралы айтып отырғаным жоқ. Айтпағым, болашақта әр ісімнен ләззат алатын боламын», – дейді футболшы.

Бұған дейін Роналду «Реал» клубының басшылығынан өзін 2018 жылдың жазында 100 миллион еуродан аса сомаға сатуын сұраған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или