Криштиану Роналду кино түсіруді жоспарлап жүр

Криштиану Роналду кино түсіруді жоспарлап жүр

Криштиану Роналду жақында берген сұқбатында футболдағы мансабын аяқтаған соң кино түсірумен айналысқысы келетінін айтқан.

- Мен футболдан кетсем де өзім қызығатын істермен айналыса бергім келеді. Оның ең басында кино саласы тұрады. Кино түсіру менің бұрыннан бергі арманым еді.

Қазір менде өзім ашқан рестораным, жаттығу залдары бар. Сонымен қатар әйгілі маркалы спорттық киімдер сатумен де айналысам. Мен өзімді болашақта табысты бизнесмен ретінде де елестетемін. Футболдан кейінгі күндерім де көңілді өтетінінен үміттімін, деп сұқбат берген екен бес дүркін «Алтын доп» иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или