«Милан» тағы жеңе алмады
Бас бапкер етіп аңыз ойыншысы Гаттузоны шақырса да «Миланның» жолы болар емес. Италия чемпионатының кезекті турында «Фиорентинаға» қонаққа барып тең ойнап қайтты.
Кездесудің бірінші таймында гол соғылған жоқ. Ал 71-інші минутта Симоне алаң иелерін алға шығарғанымен араға үш минут салып Чалханогулу есепті теңестірді. Осы нәтиже ойын соңына дейін өзгерген жоқ.
Жыл басында үздік орындардан көрінеді деп үміт күтілген «Милан» командасы бүгінде турнирлік кестенің 9-ыншы орынында қалып кетті.
Голдар: Симоне - Чалханогулу
Сары қағаз: Верету - Романьоли
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или