«Қайраттың» қорғаушысы Сегундада доп тебеді

«Қайраттың» қорғаушысы Сегундада доп тебеді

Алматылық «Қайрат» командасының испаниялық қорғаушысы Сесар Арсо өз еліне қайтып өнер көрсететін болды. Ол енді Испанияның екінші лигасы «Сегундада» бақ сынайтын «Химнастик» клубының намысын қорғайтын болады. Бұл туралы испаниялық команданың ресми сайты мәлімдеп отыр.

Арсо Алматыда бір жарым жылын өткізді. Осы аралықта «Қайрат» қорғанысындағы негізгі ойыншы болды. Испаниялықтың қазақстандық клубпен келісімшарты биыл аяқталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или