Озил «Барселонаға» өз талабын айтты

Озил «Барселонаға» өз талабын айтты

«Барселона» командасының Месут Озилге өмешегі үзіліп жүргелі аз уақыт болған жоқ. Каталониялықтар германиялық жартылай қорғаушыны өз қатарларына қосу үшін барын салып бағуда.

2018 жылы жазда «Арсеналмен» келісімшарты аяқталатын Месут алдағы қаңтар айынан бастап кез-келген командамен келісім жүргізуге мүмкіндік алады. Осы орайда ол «Барселона» басшыларына өз талабын айтып көрді.

Голдық пас шығарудың хас шебері Католонияға барса жылына 19 миллион жалақы алғысы келеді екен. Әрі негізгі құрамнан орын тауып берулерің керек, деген шартын да жасырмай жеткізіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или