Алекс Сандро үшін талас қызып тұр

Алекс Сандро үшін талас қызып тұр

Англиялық клубтар «Манчестер Юнайтед» пен «Челси» бір уақытта бразилиялық қорғаушы Алекс Сандроға көз қадап отыр. Екі команда да оны осы қыста өз қатарларынан көргісі келетін секілді.

Алайда Сандроның қазіргі клубы «Ювентус» өз футболшысын жіберуге аса құлықты емес. Олар Алекстің әлі де болса Туринде қалып доп тепкенін қалайды.

Осы ойларын жүзеге асыру үшін италиялықтар, егер кімде-кім Сандроны сатып алғысы келсе 60 миллион фунт дайындасын. Болмаса футболшыдан үміттерін үзсін деп отырған көрінеді. Англиялық қос клуб қанша қызықсада қорғаушы үшін мұнша көп қаржыны шығындай қоюы екіталай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или