Станимир Стоилов Қазақстанда қалады

Станимир Стоилов Қазақстанда қалады

«Астананың» бас бапкері Станимир Стоилов командада қалуға келісімін берді, деп хабарлайды Болгарияның kotasport.com сайты.

Осыған дейін болгариялық бапкердің Қазақстанда қалмайтыны жайлы көп айтылған еді. Алайда, елордалық клубтың басшылары білікті бапкерді алып қалу үшін көп жұмыс жасаған секілді.

Екі жақты келісім өз жемісін беріп Стоилов бапкер Қазақстан астанасындағы жұмысын жалғастыра беруге бел буған көрінеді. Нақты ақпарат алдағы күндері белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или